Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеті қазақ боксшысы жұдырықтасады. Оның бесеуі Қазақстан атынан, біреуі Қытайдан, тағы бірі Өзбекстаннан шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) алтын жүлде үшін жұдырық түйістіреді.
Өзбекстан құрамасынан қазақ жігіті Руслан Абдуллаев финалда өнер көрсетеді. Ол финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсухпен алтынға таласады.
Сонымен қатар Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан финалға шықты.
Финал кезеңі 13-14 мамырда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін жартылай финалда 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткенін хабарлаған едік.