• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Бокс 14 Мамыр, 2023

Финалда қазаққа қазақ қарсылас болады

906 рет
көрсетілді

Бүгін бокстан әлем чемпионаты финалында Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрбек Оралбай Қытай құрамасының боксшысына қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

80 келі салмақ дәрежесіндегі Нұрбек Оралбай «алтын» үшін жұдырықтасады.

Ол финалда Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай жартылай финалда орыс боксшысы Имам Хатаевты ұтса, Қытай боксшысы Тоқтарбек Таңатхан испан боксшысы Газимагомеда Джалидовды жеңген.