Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған, жеті партияның кандидаты Кемаль Қылышдароғлы және «Али» коалициясының өкілі Синан Оган түсіп жатыр.
Төртінші үміткер Мухаррем Инге сайлауға үш күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастады.
Ал Парламентке өту үшін 27 партия бәсекеге түседі.