• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2010

ИОРДАНИЯ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 64 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

473 рет
көрсетілді

“Риксос” Президенттік отелінде Иордан Хашимиттік Корольдігі тәуелсіздігінің 64 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Оны осы елдің Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды. Салтанатты жиында Иордан Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Слайман Арабиат пен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан мен Иордания арасындағы ведомствоаралық комиссияның басшысы Ақылбек Күрішбаев сөз алып, екіжақты қарым-қатынастың жақсы жағдайда даму үстінде екендігін айтты. Бұған екі ел мемлекет басшыларының ресми сапарлары негіз қалаған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иорданияда ресми сапармен болды. Өз кезегінде Иордания Королі Абдалла ІІ де Қазақстанға келіп қайтты. Екі ел мемлекет басшыларының арасында достық қарым-қатынас қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қайрат Сарыбай және де еліміз Парламентінің депутаттары мен журналистер, мемлекеттік қызметкерлер мен Астанадағы елшілік өкілдері қатысқан жиында Қазақстан мен Иорданияның әнұрандары орындалып, Иордания туралы бейнефильмдер көрсетілді, елдің ұлттық дәстүрлерінен ақпараттар берілді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.