Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы жұмысының қорытындылары жайлы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.