• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Президент 17 Мамыр, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

542 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді. Оған қоса, Президент Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.