• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2023

Ауыл тұрғындарына берілетін шағын несие көлемі артады

360 рет
көрсетілді

«2023 жылға арналған ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасын кеңейту үшін ауыл тұрғындарына шағын несиелер беру үшін облыстық бюджетке кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Үкімет қаулысы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін облыстық бюджетті несиелендіруге 52 396 965 000 теңге көлемінде қаражат қарастырылады.

Алайда 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 47 603 035 000 теңге бөлінді. Нәтижесінде аталмыш бюджеттік бағдарлама бойынша 100 млрд бөлінбек.

Айта кетсек, бюджеттік несиені игеру мерзімі кредитордың шотынан бюджеттік кредит қаражаты аударылған сәттен бастап 6 айдан 12 айға дейін ұлғайтылды.

Қаулы 30 мамырға дейін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.