• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 18 Мамыр, 2023

Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты тергеу аяқталды

259 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

2013 жылы Рашид Аюпов Премьер-министр Кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады.

«Ол аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық әрекеттері үшін тергеу сотының санкциясымен қамауда отыр», деп хабарлады Антикор.

Қазір қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», делінген хабарламада.