• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Мәдениет 18 Мамыр, 2023

Әлемдегі ең көне музейлер

801 рет
көрсетілді

Ертедегі музейлер бай адамдардың, отбасылардың және өнер мекемелерінің, сирек кездесетін табиғи нысандар мен артефактілердің коллекциясы ретінде болған.

Әлемдегі ең көне музей Эннигальди-Наннаны осыдан 2500 жыл бұрын Вавилон ханшайымы салдырған. Оны 1925 жылы Леонард Вули ашқан.

Археолог Вавилон сарайын қазу кезінде артефактілердің коллекциясын тапқан. Коллекцияда Рим империясына қатысты ғажайып заттар болған. Сондай-ақ көне заттар өте ұқыпты сақталған. Өліп бара жатқан өркениеттің бұлыңғыр символын олжалаған Леонард Вули осылайша, ең алғашқы музейді ашты.

Әлемдегі өзге де көне музейлер қайта өрлеу дәуірінде Италиядан табылды. 

Капитолий музейі - Римдегі муниципалды музей жүйесінің бөлігі, әлемдегі алғашқы қоғамдық өнер мұражайы. Капитолий музей коллекциялары қаланың тарихынан сыр шертеді. Капитолий залдарында сақталған артефактілер Римде қазба жұмыстары кезінде табылған. Қаланың діни өмірі, содан кейін азаматтық магистраттар уақыты, кейінірек муниципалды басқару – барлық кезеңдер Капитолиймен тығыз байланысты. Музейдің құрылысын ең мықты сәулетшілер жасап шыққан. 1734 жылы ашылған Капитолий музейі өнер туындыларын көруге болатын алғашқы орын болды.

Ватикан музейі - әлемдік мәдениеттің ең керемет ескерткіштері сақталған орын. Кішкентай мүсіндер коллекциясын жинаудан басталған ғимарат уақыт өте келе әлемдегі ең әдемі өнер коллекциялары жинақталған үлкен музейге айналды. Өнер туындылары сақталған залдың интерьері де керемет. Ватикан музейін 18 ғасырда екі Рим Папасы – Клемент XVI (1769-1774) және Пиус VI (1775-1799) құрды. Олар алғаш рет халыққа мәдени білім беру мақсатында көркем коллекцияларды ұсынды. 

Мұнда Рим папасы Юлий II Ровере (1503-1515) Римнің цезарьлардан Рим папаларына өтуін бейнелейтін ежелгі мүсіндердің коллекциясын жинады. XVIII ғасырдың екінші жартысында Рим папалары осы коллекциялардан музей жасауға шешім қабылдайды. 

Эшмол музейі - Ұлыбританиядағы ең көне музей. Ол Оксфорд университетінде орналасқан. Оның заманауи ғимараты 1841-1845 жылдар аралығында салынған. Жобаны сәулетші Кокерелл жасаған. 

Музейде Ежелгі Египеттің Ренессанс кезеңіндегі өнері мен графикасының коллекциясы бар. Леонардо да Винчи, Рафаэль және Микеланджелоның жұмыстары да осы музейде сақталған. Ал көркем галерея залында Рембрандт пен Рубенстің, Ренуардың, Пикассо мен Джорджоненің және басқа да көптеген танымал шеберлердің суреттерін көруге болады.