• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Табиғат 20 Мамыр, 2023

Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық киіктің қаңқасы табылды

440 рет
көрсетілді

Табылған киік өлекселерінің 95%-ы - төлі, 5%-ы аналықтары екені нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 мамырда сағат 18:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағындағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады, оның 95%-ы төлі, 5%-ы аналықтары.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті киік өлекселері 300 метр радиуста жатқанын хабарлады.

«Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына «Бөкейорда» резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін өлекселер Жәнібек әкімдігі мен «Охотзоопром «ӨБ»РМҚК қызметкерлерімен жойылады», делінген хабарламада.