• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Мамыр, 2023

Премьер-лига: «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңді

225 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңіп кетті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Оңтүстік астаналық клуб биыл команданың өз түлектеріне үміт артып келеді.

Соған қарамастан турнир кестесінде жүлделі орынға таласатын ұжымдар қатарында саналып отыр.

Бүгінгі кездесуде қызылордалық клуб жинақы қимыл көрсетті.

Нәтижесінде олардың қатарынан Загре Бен Азиз 10, Дмитрий Бородин 24. 48-минутта үш мәрте мергендік танытты.

Осылайша «Қайсар» қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп кетті.

Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесулері өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.