• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2010

РУХ КӨТЕРЕР РӘМІЗДЕР

537 рет
көрсетілді

Ақмола облысының әкімі, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның төрағасы Сергей Дьяченко өткізген мәжілісте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы барысы қаралды. Ту, Елтаңба, Әнұран – тарих қойнауларынан сыр тартатын, ұлттық ерекшеліктерімізді сипаттайтын қымбат белгілер. Ол қоғам мүшелерін, жастар қауымын отансүйгіштікке, жаңа жеңістерге жігерлендіретін жасампаз қуатқа ие. Комиссия мүшелерінен бес жұмыс тобы құрылып, атқарылып жатқан жұмыстардың талапқа сай жүргізілуіне ұйытқы болуда, деді комиссия төрағасы. Мемлекеттік рәміздер стандартқа сай ауыстырылды. Былтырдан бері 1509 дана Ту, 1197 дана Елтаңба сатып алынды. Рәміздердің 181 стендісі жабдықталды. Мәжілісте Целиноград, Аршалы аудандары әкімдерінің орынбасарлары Берік Жанбаев пен Бекет Ақшінеевтің есептері, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Базарбай Кәкеновтің хабарламасы тыңдалды. Ақмола облысы. Бақберген АМАЛБЕК.