• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Мамыр, 2023

Астанада кезекті «Халық заңгері» іс-шарасы өтеді

378 рет
көрсетілді

Астана қаласында 26 мамыр күні «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара сағат 17:00-де басталады. Оның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді, ал оған алғыс білдіретін қазақстандықтар қатары артуда. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.

Акция өткізілетін орын: Астана қаласы, Кенесары, 32 үй, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония ғимараты. Кіру тегін.