«ҚТЖ» ҰК» АҚ (ҚТЖ) және контейнерлік порттар терминалдарының ірі әлемдік операторы PSA International (PSA) бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды. Құжатқа Астана қаласында Сингапур Республикасы Президентінің қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы алаңында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трансұлттық холдингпен әріптестікте жұмыс істеу Мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.
PSA тәжірибесі мен технологиялары тасымалдау географиясын кеңейту және қазақстандық көлік дәліздерін ірі әлемдік хабтармен интеграциялау үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Бірлескен кәсіпорын қызметінің негізгі векторы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға жәрдемдесу болады.
PSA тиісті тәжірибе мен ресурстарды біріктіру елдер мен континенттерді байланыстыратын жіксіз және тиімді логистикалық желіні құруға көмектеседі. Сондай-ақ ҚТЖ-ға жаңа нарықтарға шығуға және өзін жаһандық логистикалық аренада негізгі ойыншы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді деп санайды.