• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2023

Қазақстан әуе компаниялары мүгедек жандарға жеңілдік қарастырады

515 рет
көрсетілді

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстан әуе компаниялары мүгедек жандарға қандай жеңілдік ұсынатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында 2 жастан 15 жасқа дейінгі ішкі рейстерде және 2 жастан 12 жасқа дейінгі халықаралық рейстерде кәмелетке толмаған балаларға 50% жеңілдік көзделген. Сондай-ақ 2 жасқа дейінгі балаларды халықаралық және ішкі рейстерде жеке орын бермей тасымалдау тегін жүзеге асырылады», деп атап өтті Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Министрліктің сұрауына орай, әуе компаниялары келесідей жауап қайтарған:

SCAT: Авиакомпанияның ішкі тұрақты рейстерінде (субсидияланған рейстерді қоспағанда) жылына 1 рет мүгедек балалар мен І топтағы мүгедектер үшін тарифтен 100% жеңілдік, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік беріледі. Бұл ретте жолаушылар әуежай алымдары мен авиабилетті ресімдегені үшін алымдарды төлейді. Еріп жүретін адамдарға жеңілдіктер қарастырылмаған.

Qazaq Air: Мүгедектігі бар адамдарға әуе сапарларына жеңілдіктер беру мәселесі барлық растайтын құжаттарды ұсынған кезде жеке тәртіппен қаралады. Сонымен қатар мүгедек балаға тариф құнынан 100% жеңілдік және ілесіп жүретін адамға сол тарифтен 50% жеңілдік беріледі.

Air Astana: 60 жастан асқан жолаушыларға, 12 жастан 25 жасқа дейінгі жастарға және ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер көзделген.

Айта кетейік, 2 жасқа дейінгі балалар халықаралық және ішкі рейстерде тегін тасымалданады.