• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Мәдениет 23 Мамыр, 2023

Өнерпаздар халықаралық фестивальдерге жолдамамен жіберіледі

297 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасын таныстыру кезінде Қазақстанның дарынды жастары халықаралық фестивальдерге жолдамамен жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінен талантты жастар беделді халықаралық фестивальдар мен конкурстарға жолдамамен жіберіледі. Үздік ұйымдарға, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне жыл сайын Umai ұлттық сыйлығы табысталады. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының жанынан республикалық деңгейде ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған «Халық Қазына» ұлттық өнер орталығы құрылды», деді министр Асхат Оралов.