Бүгін, 23 мамырда Астананың сол жағалауында құрылысы аяқталуға жақын жаңа ғимараттардың бірі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Мұхаметханов көшесіндегі құрылыс алаңында өрт шыққаны туралы хабарлады.
Әлеуметтік желіде «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығы аумағындағы қара түтін бейнеленген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, өрт орнында жарылыс дыбыстары да естілген.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер өрт туралы хабарламаға сағат 16:28-де шыққан.
«Мамандардың айтуынша, оқиға орнында үш газ баллоны жарылған, жарылыс салдарынан жабындық материалдың 15 орамы өртенген. Жалын 16:45-те оқшауланды», делінген хабарламада.
Ведомство мәлім еткендей, оқиға орнына жеке құрамның 19 адамы мен 4 техника жұмылдырылған.