• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Мамыр, 2023

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды

474 рет
көрсетілді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Ол математика және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапат пен грант алған.

Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Осы саладағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Ләззат Тасболатқызы Ералиева – профессор, медицина ғылымдарының докторы, 2013 жылдан бастап «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі. Ол –150-ден астам мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, сонымен қатар 4 өнертабыс патентінің авторы. 

Такир Оспанұлы Балықбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы, өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар профессор. Ресейдегі кәсіптік білім беруді қолдау қорының А.Г.Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.