• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2023

Сингапур Президенті Назарбаев университетінің құрметті профессоры атанды

407 рет
көрсетілді

Сингапур Президенті Мәртебелі Халима Якоб Назарбаев Университетінің құрметті қонағы ретінде «Арыстан қаласынан Ұлы далаға дейін» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Қазақстан үкіметінің өкілдері, сондай-ақ Назарбаев университетінің әкімшілігі, оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. Президент Халима Якоб өз дәрісінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз өзара тиімді 30-жылдық ынтымақтастық жетістіктері туралы айтты.

Дәріс барысында Сингапур Президенті «Арыстан қала» мен «Ұлы дала» арасындағы ынтымақтастықтың үш негізіне тоқталды. Президент пікірінше, олар: білім саласы, гендерлік теңдік және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер, дінаралық диалог.

«Сингапур өмір бойы білім алудың маңыздылығын мойындайды және мен ересектердің оқуына қолдау көрсетуді арттыру үшін көп үлес қосуға тырысамын. Білім саласы «Қазақстан 2050» стратегиясының негізгі тіректерінің бірі болып табылатынын білемін. Сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары білім беру саласындағы инфрақұрылымға инвестиция салу және бүкіл Қазақстан бойынша инклюзивті білім беру саясатын ілгерілету арқылы жоғары сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталғанын қуана атап өткім келеді», деді Сингапур Президенті.

Жұмыс сапарының маңызды сәті Президент Халиманың Якобтың Назарбаев университетінің құрметті профессоры атағын алуы болды.