• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 25 Мамыр, 2023

Соңғы қоңырауды 25 мамырға ауыстыру оңай жұмыс емес - министр

841 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырға қайта ауыстыру жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистер «Соңғы қоңырау 25 мамырға қайтарыла ма?» деген сұрақ қойды.

«Біріншіден, бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. Соңғы қоңырауды қалпына келтіру басқа өзгерістерге алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына ауысу немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруы болуы мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында жіті, дұрыс сараптама өткізіп, шешім қабылдау керек», деп жауап берді министр.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев мектептерде түрлі себеппен қаражат жинау мәселесіне қатысты пікір білдірді.