• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 29 Мамыр, 2023

СҚО-да 17 тауарлық сүт фермасын ашу жоспарланып отыр

326 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында  шаруашылық жағдайымен және алдағы жоспарлармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысына берілген мәлімет бойынша:

Облыста жыл сайын 650 мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Бұл – республика бойынша өндірілетін сүт көлемінің 10 пайызы.

Соңғы бес жылда облыста 16,5 мың бас ірі қараға есептелген 30 сүт фермасы ашылды.

Биылдан бастап тағы да 17 тауарлық сүт фермасын ашу үшін қосымша 54,9 млрд теңге бөлінеді.

Өңірді кешенді дамыту бағдарламасы аясында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 35 миллиард теңгеге 35 жоба қаржыландырылған.

Мемлекет қолдауымен 21 сүт фермасы және 2 құс фабрикасы ашылды. Тағы бір құс фабрикасы алдағы уақытта пайдалануға беріледі.

Ет өнімдерін шығаруға маманданған «EMC-Агро» ЖШС кешеніндегі мал саны 200 мың басқа дейін көбейіп, қосымша 180 жұмыс орны ашылмақ.

Май сығатын зауыт, жылыжай, суармалы егістік, асыл тұқымды қой шаруашылығы секілді бірнеше бағытта түрлі жоба жүзеге асырыла бастаған.