• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Мамыр, 2023

«РимҚазАгро» – «қарапайым заттар экономикасының» қатысушысы

281 рет
көрсетілді

Бүгінде өндірісте шамамен 1,7 мың адам жұмыс істейді. Фабрикада шығарылатын өнім түрлері 730-дан асады, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінде сатылады және Ресейге экспортталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын 37,7 гектар аумақта халық тұтынатын өнім өндірумен айналысады. Былтыр жалпы сомасы 7,6 миллиард теңге болатын 3,8 мың тонна өнім өндірген. Мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы тұрақтандыру қорының өнімдері сақталатын көкөніс қоймасы бар көтерме-тарату орталығы салынды. Қуаты жылына 5 мың тонна қағаз өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды. Инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгеден асты. Зауытта 80 адам жұмыс істейді. Картон өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі - 7 миллиард теңге. 100 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Өндіріс қуаты жылына 10 мың тоннаны құрайды.