• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәселе 31 Мамыр, 2023

Әуежай маңының әуресі

211 рет
көрсетілді

Ауыл маңы мен қала ішіндегі жер телімдерінің пышақ үстінен бөлініп, талан-таражға түскенін айтып ешкімді таңғалдыра алмай­сың. Бірақ стратегиялық аймақ санатына жататын әуежай­лар­дың іргесіндегі жердің жекешеленіп кеткенін қандай заңға сыйғызуға болады?

Мысалға, еліміздегі барлық әуе­жай­­дың айлақ маңындағы аума­ғын­да рұқсат етілмейтін нысандар, тұрғын үйлер, шаруа­шылық құры­­лыстар, қоқыс төгетін орын, тіпт­і қа­­сап­­хана­ларға дейін салынған екен. Бұл жолаушылардың өмірі мен ден­сау­лығына тікелей қатер төн­­ді­реді деп санайды «Amanat» пар­тия­­сы жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөнін­­дегі республикалық кеңес мүше­­лері. Партия хатшысы Ер­жан Жылқы­баевтың айтуынша, Шымкент қаласы әуежайының санитарлық қорғау аумағында 187 тұрғын үй орналасқан, олардың 128-інің толық рұқсат құжаты бар.

«Менің сұрағым әкімдікке де, азаматтық авиация комитетіне де бағыт­талады, оларға қандай негіз­ге сүйеніп рұқсат берілген? Рұқ­сат құжаттарын сіздер бермеген бол­саңыздар, онда олар мұның бәрін қалай ресімдеді? 12 адамның өмірін қиып, тағы 47 адам жарақат алған Ал­ма­тыдағы қайғылы оқиғаны ешқай­сы­мыз да ұмытқан жоқпыз. Біз әуе­жай маңында тұратын адамдармен сөйлестік, олар үйіне ұшақ құлап кете ме деп қорқады, тіпті, ұшақтардың моделін дыбысына қарап-ақ ажырата алатын жағдайға жеткен. Бұл отбасылардың мәселесін шешу керек», деді ол.

Бұған жауап ретінде Аза­маттық авиация комитеті төраға­сының орын­басары Ти­мур Тілегенов заң­нама­да әуежай­лардың 4 км айма­ғын­да құ­рылысқа тікелей тыйым салын­бағанын, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіз­дігіне қауіп төндіретін қыз­метті жүзеге асыруға ғана шектеу қойылғанын атап өтті.

«Жалпы алғанда, Шымкент әуе­жайының 4 километрге дейін­гі айналасына толығымен құ­рылыс салынған, бірақ соның ішінде 70 нысан аса үлкен ке­дергі келтіріп тұр. 25 үй және 45 темір-бетон электр жабдықтау бағанасы бар, әкімдік оларды ысырып, ұзындығын қысқартып жатыр. Бұл үйлердің барлығы 10 жылдан аса уақыт бұрын өз бетінше рұқсатсыз салынған. Үйді салып алып, содан кейін ғана заңдастыруға өтініш берген. Бұл мәселе бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр», деді ол.

«Amanat» партиясы жанын­дағы Сы­байлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рес­публикалық кеңес мүшелері еліміздегі әуежай­лар­­дың айна­ласындағы қоқыс полигон­дарының мәселесін де назардан тыс қал­дырмады. Атап айтқанда, Алма­ты әуежайының 15 шақырымдық айма­ғында Алматы облысы тарапынан 351 қоқыс төгетін орын табылды, оның 247-сі ғана жойылды. Бұл ұшу үшін қауіпті жағдай тудырады. 2022 жылы ұшақ құстармен соқтығысқан 46 жағдай тіркелсе, Оңтүстік астананың әуе айлағында осындай 23 оқиға орын алды. Атырау қаласының әуе­жайы маңындағы жағдай да көңіл көншіт­пейді.

«Әуеайлақ маңынан 15 км радиус аумақта мал сою алаң­дары, ауыл ша­руашылығы алқап­тары, мал базарлары, сондай-ақ тамақ қалдықтарын тас­тайтын орындар анықталды. Жолау­шы­лар әуежайдың айналасы қоқыс­тан көрінбейтінін айтады. Хиуаз Доспанова атындағы ха­лық­аралық әуежай 2016 жылдан бастап Атырау қаласының әкімдігіне қалалық қоқыс алаңын басқа жерге көшіру туралы бір­неше рет хат жолдады. Алайда барлық хат жауапсыз қалды», деді партиялық бақылау инспекторы Венера Есілбаева.

Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев әуе тасымалдаушылардың әлеуметтік жауапкершілігі мәсе­лесін қозғады. Ол Қазақ­станнан басқа, әлемнің көптеген елінде оның ішінде Өзбекстанда, Қыр­ғызстанда және Ресейде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әуе билеттері жеңілдікпен сатылатынын алға тартты.

«Мүгедектігі бар адамдар үшін әуе көлігімен қатынау дұ­ры­сырақ. Себебі теміржол мен авто­көлікке қа­ра­ғанда, ұшақта жо­ғары сервис пен барлық жағ­дай бар. Бұл әсіре­се, қимыл-қозға­лысы шектеулі азамат­тарға қатыс­ты. Неге отандық әуеком­пания­лар мүгедектерге де, оларды алып жүретін адамдарға да жеңіл­дік бермейді? Бұрын осы тақы­рыпқа қатысты депутаттық сауал жолдаған болатынмын», деді халық қалаулысы.

Жиын қорытындысы бойынша кеңес өңірлердің әкімдіктеріне әуе­жайлардың маңында рұқсат етілмеген құрылыс мәселесін шешуді және айлақ маңындағы қоқыстарды жою жөнінде іс-шаралар қабылдауды ұсынды.