1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақордаға» қонаққа келген оқушылар арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен оқу үздіктері бар.
Экскурсия аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы да аралап көрді.
Сондай-ақ оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.