• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2023

Қазақстан азаматтары eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады

277 рет
көрсетілді

Тыйым салғаннан соң банк әлі де несие берсе, азамат міндеттемелерді орындаудан босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары алаяқтардан қорғану үшін өз атына несие алуға тыйым сала алады.

Тиісті заңнамалық түзетулерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі.

Оған сәйкес:

Жеке тұлғаның несие мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту құқығы электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асады. Қарыз алушының несие тарихында бұрын бас тартқаны туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізеді. Рәсімдеуге тыйым салған жағдайда жеке тұлғаны берілген қарыз бойынша міндеттемелерден босату туралы түзету енгізіледі.

Ведомствоның айтуынша, заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр.