Қазақстандағы білім басқармаларында кешенді мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында 5 маусым мен 5 шілде аралығында білім басқармаларының қызметіне кешенді тексеріс жүргізеді.
Айта кетсек, бұл тексеріс тек білім басқармаларының жұмысын қамтиды, сәйкесінше балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды.
Зерделеудің негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің дамуын тежеуші факторларды және үздік өңірлік тәжірибені анықтау. Сондай-ақ мониторинг барысында министрліктің комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді.