«Пари Сен-Жермен» футбол клубының бас бапкері Кристоф Гальтье Лионель Мессидің командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны жаттықтыру мен үшін үлкен мәртебе. «Клермонға» қарсы Лео команда сапындағы соңғы ойынын өткізеді», деді бас жаттықтырушы.
Месси «Барселона» командасына қайта оралуы мүмкін. Бірақ Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасы да Мессиге келісімшарт ұсынған.
Айта кетейік, Лионель Месси 2021 жылы ПСЖ командасына қосылған. Оладың келісімшарты 30 маусымда аяқталады.