• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2023

Қарулы күштер «Менің туым – менің мақтанышым!» атты челлендж ұйымдастырды

502 рет
көрсетілді

Әскери қызметкерлер Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық өңірде патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елтаңба, Ту, Әнұран – мемлекеттің қасиетті рәміздері. Олар қазақстандықтардың жасампаз еңбегін, халықтың бірлігі мен татулығын білдіреді.

Әскери қызметкерлер рәмізге құрмет ретінде тұрғын үйдің терезелеріне ту ілді. Бұл бастаманы челлендж ретінде басқа да әскери қызметкерлерге жолдады.

Сондай-ақ Маңғыстауда ту кемеде жайылды. Ал Медеуде үлкен ту көтерілді.