Mavi Gök Aviation Анталия-Астана-Анталия бағыты бойынша жаңа рейс бағытын ашады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Астана әуежайы хабарлады.
Алғашқы рейс 4 маусым түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.
Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылады.
Айта кетсек, Boeing 737-800 ұшағында 189 орын бар. Компания орындар санын 300 дейін жеткізуді жоспарлап отыр.