• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Балалар 04 Маусым, 2023

«Жарқын жаз» жобасы

288 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының сегіз шағын ауданында жазғы демалысқа шық­қан балаларға арналған сахналық қойылымдар байқауы ұйымдасты­рыл­ды. Игі іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алып отыр.

– Балалар бос уақытын мәнді де, ма­ғы­налы өткізуге тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі балақайлар шетелдік ­мульт­сериалдардың кейіпкерлерін жақ­сы көреді. Ал өзіміздің Алдар көсені білмейді. Сондықтан балғындар ара­сында халық ауыз әдебиетіндегі ерте­гілердің кейіпкерлерін көбірек наси­хаттағымыз келеді. Мұндағы мақ­сатымыз – кейінгі жас буынның санасына ұлттық құндылықтары­мыз­ды сіңіру, – дейді «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Рамазанова.

Жобаның тұсаукесер іс-шарасы қа­ланың орталық алаңында, ашық аспан астында өтті. Оған этномә­дени бірлестікке мүше балалар, баста­уыш сынып оқушылары мен балабақ­ша жасындағы балғындар қатысты. Мере­келік іс-шара барысында бала- лар арасында түрлі байқаулар мен көңіл­ді жарыстар ұйымдастыры­лып, өнерпаздар ән айтып, күй тарт­ты. Ұйымдастырушылар көпшілік ал­дында өнер көрсеткен талапты балалар­ға бір-бір сыйлық ұстатып жат­ты. Ал неміс этномәдени бір­лес­тігінің өкілдері іс-шараның басын­дағы балғындардың бәріне балмұз­дақ үлестірді.

 

Қостанай