• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2023

Тайландта тағы бір жерлесіміз көз жұмды

306 рет
көрсетілді

5 маусымда өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайландтың Пхукет қаласында қайтыс болған Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл 7 күн ішінде болған екінші жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбек Смадияров Қазақстан азаматы Артур Ысқақовтың жүрегі тоқтағанын атап өтті. Шомылуға шектеулер мен тыйым салынғанына қарамастан, ол өзінің қалыңдығымен бірге суға кірген.

«Артур Ысқақов ауруханаға жеткізілді, комаға түсіп, ауыр жағдайда болды. Оқиға туралы естіген анасы мен әкесі қалаға дереу ұшып барды. Сол жерде дәрігерлермен келіссөз жүргізілді. Тай дәрігерлері ер адамның мәйітін тасымалдауға қарсы болған. Алайда екі тарап мәмілеге келіп, бұл мәселе шешімін тапты», деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұл соңғы аптадағы екінші жағдай.

«3 маусымда дәл сол жағалауда біздің тағы бір жерлесіміз қайтыс болды. Барлық тыйымдарға қарамастан, ол да суға кіріп, үлкен толқындардың астында қалды. Жақын арада олардың мәйіттері Қазақстанға жеткізіледі», деп қосты СІМ өкілі.

Тай полициясы мен құтқарушыларының айтуынша, мұндай қайғылы жағдайларға негізінен ТМД елдерінен келген туристер тап болады.

Айта кетсек, 24 жастағы Артур Ысқақов Тайландтағы курорттардың бірінде суға батып, қайтыс болды. 

Нақтыланғандай, Артур Ысқақов суға өзінің қалыңдығымен бірге кірген. Шомылу кезінде толқындар көтеріліп, қыз бата бастаған. Сол кезде қалыңдығын судан шығарып үлгерген Артурдың өзі батып кеткен.