• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Жануарлар 05 Маусым, 2023

Күлгін түсті кірпі

608 рет
көрсетілді

Атырау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Сладковтар ауладағы бақшасынан күлгін түсті кірпі тауып алды. Әлеуметтік желіге жүктелген кірпінің түсі жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.

Кірпінің өзгеше түсі мамандарды да таңдан­дырып отыр. Атырау қалалық обаға қарсы стансасы эпи­зоотология және аса қауіпті инфек­ция­лар­дың алдын алу зертханасының бұрынғы мең­герушісі Федор Сараевтың айтуынша, бұрын кірпінің мұндай түсі кездеспеген.

– Жаңа туған кірпінің басындағы тікені ғана ақшыл түсті болушы еді. Бастапқыда кірпінің ті­кендері өте жұмсақ, жүн тәрізді болатынын байқап жүрміз. Өйткені бұл – табиғаттың құбы­лысы. Кірпінің тікенегі анасына зақым келтірмеуі қажет. Тікенек уақыт өте келе сұр түске айналады. Бірақ менің тәжірибемде күлгін түсті кірпі кездес­кен жоқ, – дейді Федор Сараев.

Ерлі-зайыптылар кішкентай кірпіге су берген. Шөлдеген кірпі суды ішіп алып, өз жөнімен кетіп қалған.

 

Атырау облысы