• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Балалар 05 Маусым, 2023

Қызықты демалыс күтіп тұр

1212 рет
көрсетілді

Ауылдық жерлерде үздік нәтиже көрсеткен 925 оқушыға жазғы демалыс уақытында «Қазақстан халқына» қоры есебінен лагерлерге жолдама сатып алынады. Тағы 725 бала өңірлік «Жас дәурен» және «Қарлығаш» сауықтыру лагерлерінде тынығады деп күтіліп отыр.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жазғы демалыс­ты­ пайдалы әрі тиімді ұйым­дас­тыру кезінде ауыл балалары көбіне ұмыт қалатынын, дема­лыс іс-шаралары мағыналы өтпей­тінін айтқан еді. Биыл жазда өңірлердегі мектептердің оқу­шыларына басымдық бері­ліп, ауылдық елді мекендер оқу­шы­ларының демалыс кезеңін ба­рынша қызықты етуге күш са­лынып жатыр.

Жазғы демалыс уақытында Ке­рекуде 108 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланып отыр. Бұл – 1-10-сыныптарда бі­лім алып жатқан балалардың 98,4 пайызы. Ауылдық мектептерде білім нәрін сіңіріп жатқан зерек шәкірттерге, түрлі білім сайысы мен байқауының жүлдегерлеріне «Қазақстан халқына» қоры есе­­бінен лагерлерге жолдама бері­ле­ді. Тағы 700-ден астам бала облыстық сауықтыру ла­герь­­­­леріне бағытталса, 200 жас­өспірім Астанадағы На­зар­баев университетіне 10 күнге сая­хаттайды. Өзге шәкірттер де ұмыт қалмайды. 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын 326 мек­теп жанындағы лагерь мен алаңдардың жұмысын ұйым­дастыру қарастырылған.

– Жалпы білім беру мек­теп­терінің барлығында дер­лік жазғы лагерьлер ұйым­дас­ты­ры­лады. Олар өз жұмыстарын 5 маусымнан бастап жүргізсе, одан соң қалалар маңындағы ла­герьлер кестеге сәйкес ашыла бастайды деп күтіп отыр­мыз. Орта және жоғары сы­нып­­­­тардағы оқушылар үшін­ өңірімізде салалық ла­герь­­­­­­­­лер ұйымдастырылады. Мы­са­лы, мұндай жазғы лагерьлер­ бала­лар­дың көркемсурет мектеп­терінде құрылып, бала­лар­ пленэрге шыға алады, таны­мал суретшілермен кезде­сіп, шеберліктерін шыңдайды. Му­зы­калық мектептерде салалық ауысымдар пайда болса, ал жас құтқарушылар жасақ­та­ры олимпиялық резервтегі мек­тептермен жұмыс істейді. Мұның барлығы балалар үшін өте қызықты болатынына сенім­діміз, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова.

Білім беру мекемелерін ынталандыру мақсатында жазғы уақытта облыстық деңгейде конкурстар өткізу де жоспарда тұр. Қалалық және аудандық білім бөлімдері арасында «Жаз-2023» шығармашылық жобалар байқауы, үздік педагогикалық жасақты анықтайтын «Бала достары» облыстық байқауы және білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік алаңдары үшін «Жасыл желек» облыстық байқауы ұйымдастырылмақ.

Бүгінде өңір бойынша қала сыртындағы балаларға арнал­ған­ лагерлердің саны – 12. Олар­дың тоғызы – мемлекеттік, өзге­с­і жекенің қолында. Бұлар­да жазда шамамен 6 мың­нан астам бала тынығады деп­ кү­ті­ліп отыр. Демалыс орн­ы­ның­ барлығы ашылмас бұ­рын­ тө­тен­­ше жағдайлар қыз­ме­ті­нің және санитарлық қыз­мет­ ма­ман­­дарының тексеруінен өтеді.

Р.Ақанова әлеуметтік қор­ғал­­маған отбасылардың бала­ла­ры және жетім балалар да де­малыспен қамтылып, бұл санаттағы 12 мыңнан астам оқушы тынығу орындарына жіберілетінін айтты. Бұл мақ­сат­қа шамамен 300 млн теңге бюд­жет қаражаты жұмсалады. Мау­сым айының ортасынан бас­тап тамыз айына дейін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қалалар маңындағы лагерьлерге жіберіліп, бұл іске меце­нат­тар мен демеушілер де тар­тыл­мақ. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 30 млн теңгеге 600 жолдама сатып алынған.

Балалардың қызығушы­лы­ғын­ арттыру мақсатында жаз мез­гілінде түрлі танымдық жоба­ да қарастырылған. «Ұлы дала кереметі» турис­тік сапар­лары аясында облыс­тың, республиканың киелі жер­леріне экскурсиялар ұйым­дас­ты­рылады деп күтіліп отыр.

 

Павлодар облысы