• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 07 Маусым, 2023

Есірткі тасымалымен айналысқан азаматша 10 жылға сотталды

255 рет
көрсетілді

Шымкенттен Түркістанға синтетикалық есірткі тасымалдаған 54 жастағы әйел 10 жылға бас сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі тасымалымен айналысқан әйел адамды ұстады.

Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Сараптама нәтижелері тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екенін көрсетті.

Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram арнасы арқылы жұмыс іздегенін айтты. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған белгісіз біреумен танысқанын мойындады. Төрт ай бойы ауыл тұрғыны Түркістан қаласына есірткі тасымалдаумен айналысқан. Ол Telegram арқылы берілген нұсқауды орындап, жұмыс ақысын электронды түрде алып отырған.

«ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот 54 жастағы әйелді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды», делінген хабарламада.