ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Қазақстан әскері Ресей шекарасы мен қалаларын күзетуге жіберілуі мүмкін» деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Алайда Руслан Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қорғаныс министрі ретінде айтатыным, Қазақстанның Қарулы күштері елден тысқары кетпейді. Қандай да бір мәселелерді шешу міндеттемелерін, бітімгершілік миссияларын тек БҰҰ аясында атқарамыз. Ешқайда барғалы жатқан жоқпыз, уайымдамаңыздар», деп сендірді министр.