Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды», делінген хабарламада.