• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2023

Ақтөбеде суға бата жаздаған баланы құтқарған оқушы марапатталды

328 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға бата жаздаған баланы құтқарған мектеп оқушысы Қолқанат Баққұл мен оның ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келеңсіз оқиға 1 маусым күні болған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатырған баланы байқап, оған көмек қолын созуға асыққан. Ақыры баланы судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен еді. Бүгін министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.

«Адам өмірін құтқару – бұл ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бары үлкен мақтаныш. Осындай азаматтарды тәрбиелегені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын», деді Ғани Бейсембаев марапаттау барысында.

Қолқанат Баққұлдың ата-анасы да баласының ерлігін назардан тыс қалдырмаған министрге риза болды.

«Біз балаларымыздың қайырымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұрпақ тәриелеуге тырыстық, ұлымыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз», деді оқушының әкесі Ерболат Рзиев.