• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 08 Маусым, 2023

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

216 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық», деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.