• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 08 Маусым, 2023

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президентімен кездесті

186 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты.

Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.