• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әйел әлемі 08 Маусым, 2023

Жыланды билеткен Салтанат

1176 рет
көрсетілді

Ирелеңдеген жыланнан жасқанбайтын жан бола қоймас. Бірақ Салтанат Өмірбайқызы жыланмен достасқалы бірнеше жылдың жүзі болған.

Оның айтуынша, ал­ғашқы «бауы­р басқан» жы­ланын Джаванна деп атаған екен. Алайда ол төрт жыл бұ­рын өліп қал­ған. Ал екінші жыланды Малайзиядан 1 млн теңгеге сатып алған.

– Үш жылдан бері өсіріп отырмын. Аты – Графиня. Қазір 5 жастағы жыланның ұзындығы 3 метрге, сал­мағы 30 килоға жетті. Жылан да жөте­леді, түрлі аурумен ауырады. Оны уақы­тында емдеу қа­жет. Бұл – қол­ға тез үй­­ре­нетін тіршілік иесі. Бір­ақ ашулан­дырса, шағып алуы ғажап емес, – дейді Сал­танат Өмірбайқызы.

Ол жыланды үйіндегі арнайы торда ұстайды. Күн сайын шомылдырып, ерекше күтім жасайды. Зоо­дүкеннен ал­ған тағам­мен аптасына екі рет та­мақ­тан­дырады. Суды күн сайын береді.

– Жыланның айына бір рет жал­қаулығы ұстайды. Көзін ашып ұйық­тайды. Достарым түрлі бас­қосуға билеу­ге ша­қырып тұрады. Сондай бас­­­қосудың бірінде құ­сып қойып, ұятқа қалдырды. Тағы бірде мені тұн­шық­тырып, есімнен та­­нып қалдым. Өйткені құй­­рығы еденге тиіп тұр­са, осындай өрес­кел әре­кетке барады. Мұның бәрі шар­шағанынан болған ғой, – дейді ол.

Салтанат Өмірбай­қы­зы­ның екі хоббиі бар. Бірі – жылыжайда түрлі жеміс өсіру, ал екіншісі – жы­лан­мен би­леу. Өйткені ба­ла кезінен би үйір­месіне қа­тысқан.

 

Атырау облысы