• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Маусым, 2023

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

230 рет
көрсетілді

Таиландта өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында отандасымыз Андрей Ремхе алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Велоспортшы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Андрей Ремхе 30 шақырымды 36:11.058 уақытта бағындырған. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан келді.

Бұдан бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған еді. Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Кузьмина жарыс жолына шыққан.

Жалпы Районгт қаласында 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Чемпионат 13 маусымда аяқталады.