• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Маусым, 2023

Семей орманындағы өртті сөндіруге екі облыстан әскерилер жіберілді

243 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Өрт орнына арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді.

Аэровизуалды тексеру жүргізіліп жатыр.

Басқару органы  төтенше жағдай аймағындағы өз жұмыстарын атқарады.