Экология 10 Маусым, 2023

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

275 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz  «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 11 маусымда Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды  заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

Бұндай жағдайда кейбір елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.