Астанада көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 3 жасар сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 маусымда 102 каналына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабат биіктіктен бала құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», делінген ресми хабарламада.
Қайғылы оқиға бойынша сараптама тағайындалды.