Абай облысындағы орман өрті салдарынан қазап тапқан 5 орман қызметкерінің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысып, қаза тапқан 5 орман қызметкерінің жеке басы анықталды. Облыс полицейлері өрт орнында хабар-ошарсыз кеткен 14 адамның мәйітін тапты. Қазір өрт кезінде қайтыс болған тағы 9 адамның жеке басы нақтыланып жатыр», делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, бүгінде өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізіліп жатыр.
«Біз қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан орман қызметкерлерінің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», дейді ведомстводан.