Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жайлы жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Жалын шарпыған учаскелерге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1500-ге жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су ағызылды.
Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.