• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2023

Өрттен көз жұмғандардың жақындарына қаржылай көмек көрсетіледі

325 рет
көрсетілді

Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болған жандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қайтыс болғандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank көз жұмған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады»,  делінген қаржы ұйымы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жағдайды бақылау мақсатында Абай облысына барды.