Су айдындарының жағалау белдеулерін патрульдеу, суда жүзуге тыйым салынған орындарды аралау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ телеграм арнасына сілтеме жасап.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін полициямен бірлескен 100-ге жуық рейд, облыстың су айдындарында 250-ден астам патрульдеу жүргізілді, 12 мыңға жуық профилактикалық әңгімелесу өткізілді.
Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.