• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2023

Өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы қор құрылады

318 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға  көмек көрсету үшін арнайы қор құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден,  жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі.  Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады.  Мұны ақтайтын ешқандай  себеп жоқ. Тағы да айтамын.  Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі», деді Мемлекет басшысы Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған орманшылардың жақындарымен кездесу барысында.

Сонымен қатар Президент барлық қажеттіліктердің тізімі жасалып, мәселелер шешіліп, өтініштердің барлығы орындалатынын айтты. 

«Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.