• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2023

Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды

198 рет
көрсетілді

Қапшағай су қоймасында үш жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне  сілтеме жасап. 

«9 маусым күні сағат 14:40-та облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында үш жігіттің суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді», делінген хабарламада.

Анықталғандай, катамаранға мінген үш жігіт көл бетінде аударылып, өз бетінше жағаға орала алмаған. Оқиға орнына жеткен 4 құтқарушы жастарды жағаға жеткізген.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қонаев қаласының жедел-құтқару күшімен 2001 жылы туған екі жігіт және 2002 жылы туған ер бала жағадан бес жүз метр қашықтықтан құтқарылды.